Бұл туралы Caravan.kz медиа портал Sputnik.kz-ке сілтеме жасап хабарлайды.
"Ақтөбе өңіріндегі "Самара-Шымкент" тасжолының екі учаскесінен (ЭКО Ойл бекетінен Қарабұтақ ауылына дейін және Қарабұтақ ауылынан Ырғыз ауылына дейінгі аралықтар) басқа республикалық маңызы бар күре жолдар ашылды", — деп жазылған хабарламада.
Еске сала кетейік, кеше "ҚазАвтоЖол" бес облыста ауа райының қолайсыздығына байланысты жолдар жабылғанын хабарлаған болатын.