Түркістанда саяхаттауға арналған 14 электромобиль өртеніп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Түркістанда саяхаттауға арналған 14 электромобиль өртеніп кетті

Түркістанда саяхаттауға арналған 14 электромобиль өртеніп кетті

Түркістанда көрікті жерлерді аралап, саяхаттауға арналған 14 электромобиль өртеніп кетті.

  • 16 Сәуiр 2023
  • 24
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Оқиға 15 сәуір күні сағат 4:17-де болған. «Яссы нұр» серіктестігіне тиесілі 216 шаршы метр бастырма және сол жердегі 14 электромобиль отқа оранған. Өрт сөндірушілер сағат 4:47-де өртті сөндірген.

Адамдар аман. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Айта кетсек, Төтенше жағдайлар министрілігінің есебі бойынша елде тіркелген оқиғалардың 96,5%-ы – техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар.

«Техногендік сипаттағы жағдайлардың негізгі үлесі – өндірістік және тұрмыстық өрттер. Олардың көлемі – 88,6%. 2023 жылғы үш айда 2 304 өрт болды, одан 199 адам зардап шекті, 120 адам қаза тапты. Материалдық шығын 703,59 млн теңге», — деп көрсетілген ведомство
мәліметінде
.