Ақтауда ер адам із-түссіз жоғалып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ақтауда ер адам із-түссіз жоғалып кетті

Ақтауда ер адам із-түссіз жоғалып кетті

 

  • 16 Сәуiр 2023
  • 21
Фото - Caravan.kz

Ақтауда 6 сәуірде жігіт жоғалып кетті. Оны іздеу жұмыстары жалғасып жатыр, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі lada.kz сайтына сілтеме жасап.

"Приморский" тұрғыны Кәрім Свамбаев 6 сәуірде сағат 17:30 шамасында үйден белгісіз бағытта шығып кетіп, қайтып оралмаған. Ер адам қара капюшоны бар кофта, джинсы шалбар және қоңыр аяқкиім киген.

Ерекшеліктері: орта денелі, бойы 175-180 сантиметр, шашы қара, көзі қоңыр.


Полиция қызметкерлері мен еріктілер жоғалған адамды іздеп жатыр.

"Бағдарлау қағазы ілініп жатыр. Тұрақты шаралар өткізіліп тұрады", — деді Lider.kz еріктілері.