Ардақ Назаров пен Нұрлан Албанды депутат ретінде елестете алмаймын – Қайрат Нұрқаділов - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ардақ Назаров пен Нұрлан Албанды депутат ретінде елестете алмаймын – Қайрат Нұрқаділов

Ардақ Назаров пен Нұрлан Албанды депутат ретінде елестете алмаймын – Қайрат Нұрқаділов

Заманбек Нұрқаділовтың баласы Қайрат Нұрқаділов Ардақ Назаров пен Нұрлан Албан туралы өз ойын айтты.

  • 19 Сәуiр 2023
  • 101
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол «Уақыт көрсетеді» ютуб арнасына берген сұхбатта айтқан, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Аталған сұхбат сайлауға дейін сәуірдің 13 күні түсірілген.

— Нұрлан Албанды депутат ретінде елестете аласыз ба?

Нұрлан Албанның депутат болғанын көзге елестете алмаймын. Өйткені депутаттың жұмысын ол түсінуі керек. Бюджеттің қалай екенін, заңды қалай ауыстырады, қалай сөйлеседі. Ертең шенеуніктердің бетіне қалай айтады? Ол қиын жұмыс, ертең халық та сұрайды.Саған дауыс бермесе де, сайламаса да сен депутат болған соң саған халық жазады, мынандай мәселем бар, шешіп беріңдер деп. Олар соны тсінбейді. Ол қиын.

— Ендеше Ардақ Назаров депуттаттардың арасында отыр делік. Не бітіреді деп ойлайсыз?

Оны білмеймін. Спортшылардан Серік Сәпиев те болды депутат, Серік Қонақбаев та болды депутат. Ештеңе, отырады енді. Білмеймін. Рысбек Сәрсенбаев істер еді, Рысбек жасар еді, халыққа еңбегі сіңер еді. Ардақ та ренжімесін, Нұрлан да ренжімесін, ол балаларды депутат ретінде көре алмаймын.


Еске салсақ, Рысбек Сәрсенбай, Ардақ Назаров, Нұрлан Албан бір округтен сайлау додасына түскен болатын. Ал Қайрат Нұрқаділов өз жолын Рысбек Сәрсенбайға берген еді