Белгілі болғандай оның аты-жөні — Марғұлан Бекенов. Қазақстандық жігіт 2000 жылы туған. Күтпеген жерден бейнежазба жолдаған ол, Ресей әскерінің құрамында өз еркімен жүргенін жайып салды.
«Бүгін 2023 жылдың 20 сәуірі. БАҚ-та мені ұрлап кетті деген қауесет тарады. Мүмкін мұндай мәселе анам үшін туындаған шығар. «Вагнер» жеке әскери компаниясына өз еркіммен келдім. Арнайы әскери операцияға өз үлесімді қосқым келді. Өзімді жақсы сезінемін, ұжымым керемет. Өзімді таптым, эмоционалды тұрғыда жағдайым жақсы», — деді ол.