Астанада биылғы веломаусым 25 сәуірде басталады - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Астанада биылғы веломаусым 25 сәуірде басталады

Астанада биылғы веломаусым 25 сәуірде басталады

Ертеңнен, яғни 25 сәуірден бастап елордада «Astana Bike» автоматтандырылған велосипед жалдау жүйесі іске қосылады.

  • 24 Сәуiр 2023
  • 21
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

City Transportation Systems компаниясының мәліметінше, велосипедтер мен абонементтерді сатып алу таңғы сағат 9:00-ден бастап қолжетімді болады.

Велосипедтер мен велостансаларды іске қосу қала бойынша кезең-кезеңімен жүреді, яғни:

25 сәуірде: 600 велосипед пен 76 велостанса

26 сәуірде: 100 велосипед+ 20 велостанстанса

27 сәуірде: 100 велосипед + 22 велостанса

28 сәуірде: 100 велосипед+ 22 велостанса

29 сәуірде: + 14 велостанса.

Сәуір айының соңына дейін барлығы 154 велостанса мен 900 велосипедті іске қосу жоспарланған.

Абонемент сатып алу, веложалдау бойынша бүкіл ақпарат velobike.kz сайтында жарияланған.

Велосипедтерді пайдалану 24/7 қолжетімді.