33 градус ыстық: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады? - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
33 градус ыстық: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

33 градус ыстық: алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Синоптиктер 25-27 сәуірде ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады.

  • 24 Сәуiр 2023
  • 29
Фото - Caravan.kz


Қазгидромет мәліметінше, алдағы тәуліктерде атмосфералық бөліктердің өтуімен республиканың батысында, оңтүстігінде, солтүстік облыстарында жаңбыр жауады. Оңтүстік-шығыста, шығыста түнде жауын-шашын болады. Елдің қалған бөлігі батыс антициклонының ықпалында болып, жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

«Республика бойынша тұман күтіледі. Батыста және оңтүстік облыстарда жел күшейіп, күн күркіреп шаңды дауыл тұрады. Шығыста түнде көктайғақ, күндіз оңтүстік-шығыста бұршақ жаууы мүмкін. Күндіз ауа температурасы батыс өңірлерде 23-30-ға дейін, солтүстік-батыста, солтүстікте және елдің орталығында 20-27-ге дейін, шығыста 15-23-ке дейін, оңтүстікте 25-33-ке дейін, оңтүстік-шығыста 17-25-ке дейін жылынады», – делінген хабарламада.