Бейнежазбадан машинаның мекемеге қалай келгенін және күдіктінің белгілі бір затты колония аумағына қалай қалдырып кеткенін көруге болады. Скотчпен оралған қара түйіншекте екі телефон болған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы ҚР ІІМ-не сілтеме жасап.
Зат табылған жерге қаланың Солтүстік ПБ тергеу-жедел тобы шақырылды.
Жедел іздестіру іс-шаралары барысында мекеменің жедел бөлімінің қызметкерлері облыс ПД қызметкерлерімен бірлесіп, тыйым салынған заттарды жөнелтуге қатысы бар адамдарды анықтады.
Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.