Қазақстанда қай қаланың тұрғындары ұзақ өмір сүретіні анықталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қазақстанда қай қаланың тұрғындары ұзақ өмір сүретіні анықталды

Қазақстанда қай қаланың тұрғындары ұзақ өмір сүретіні анықталды

Қазақстандықтардың өмір сүру ұзақтығы бір жылдың ішінде 4,2 жасқа өсті.

  • 26 Сәуiр 2023
  • 30
Фото - Caravan.kz

Ұлттық статистика бюросының мәліметіне сәйкес, 2022 жылы  халықтың өмір сүру ұзақтығы 74,4 жас болса, бұл  көрсеткіш бір жылдың ішінде бірден 4,2 жасқа өсті. Айта кетейік, 2020-2021 жылдары өмір сүру ұзақтығы көп жылғы өсімнен кейін алғаш рет төмендеген болатын: 71,3 және 70,2 жас, деп жазады Caravan.kz медиа-порталы. 

Гендерлік тұрғыдан алғанда, әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 78,4 жас болса, 2021 жылы 74 жас болған. Ал ерлер арасында бұл көрсеткіш 70,2 жасқа дейін өсті, бұған дейін соңғы 5 жылда көрсеткіш 68,8 жас деңгейінен көтерілмеген болатын.


Өңірлік бөліністе Алматы қаласында өмір сүру ұзақтығы ең жоғары – 77,3 жас, ең төмені Ұлытау облысында – 71,4 жас.