Ерлі-зайыпты 8 айлық қызын ұрып өлтірді деген күдікке ілінді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Ерлі-зайыпты 8 айлық қызын ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Ерлі-зайыпты 8 айлық қызын ұрып өлтірді деген күдікке ілінді

Ресейдің Ростов қаласында ерлі-зайыпты 8 айлық қыздарын өлтірді деген күдікке ілінді.

  • 1 Мамыр 2023
  • 466
Фото - Caravan.kz

Басылым мәліметінше, 23 жастағы әйел мен 33 жастағы ер адамға қатысты қылмыстық іс қозғалған. Олар қызын өлтірді деген күдікке ілінген, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы Massaget.kz сайтына сілтеме жасап.

Тергеу нұсқасы бойынша, 28 сәуірде ерлі-зайыпты пәтерінде болған. Екеуі кішкентай қызды ұрып, салдарынан сәби қайтыс болған. Олар сегіз айлық қыздың денесін тығуға тырысқан.

Артынша әйел адам өзі полиция шақырып, ол күдікті ретінде қарастырылмайды деп сенген. Ол қызы жоғалып кеткенін айтқан. Алайда қызметкерлер пәтердің жағдайын көріп, артынша қыздың өліміне қатысты дәлелдерді тапқан.