Аталмыш видео желідегі танымал парақшалардың бірінде пайда болды. Онда қазақ қызының тек етегі 40-50 келілік алып көйлек киген сәті көрсетілген.
Желі қолданушылары мұндай дарақылықты ерсі көріп, түрлі пікірлерін жаудырған.
«Мына көйлекпен қалай отырып-тұрады екен, бір түрлі екен», «Арзан «понт» деген осы шығар», «Қыздарға не көрінген, осындай дәу көйлек киіп», «Ақшасы бар біреу ғой, әйтпесе мұндай көйлекті екінің бірі ала алмайды», — деп жазды олар.