«Енді көлік аламын»: Үш жыл Кореяда қара жұмыста істеп, екі бөлмелі су жаңа пәтер алған жігіт елді сүйсінтті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+15 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Енді көлік аламын»: Үш жыл Кореяда қара жұмыста істеп, екі бөлмелі су жаңа пәтер алған жігіт елді сүйсінтті

«Енді көлік аламын»: Үш жыл Кореяда қара жұмыста істеп, екі бөлмелі су жаңа пәтер алған жігіт елді сүйсінтті

Қазақстан азаматтары алыс-жақын шетелге барып, табыс әкелуді әдетке айналдырған.

  • 3 Мамыр 2023
  • 1335
Фото - Caravan.kz

Желіде дәл осындай жолмен ақша тауып, 36 миллион теңгеге пәтер алған жігіт көпке ой салды, деп хабарлайды Caravan.kz

Бейнежазбада ер адамның Кореяда үш жыл қатарынан жүргені, сөйтіп қара жұмыс істеп, екі бөлмелі пәтер алғаны айтылады.

«Қара жұмыс істеп пәтер алу, мысалы 36 млн-ға алдым, шүкір. Үш жыл болды жүргеніме, енді 7-8 ай жүрсем. Сөйтіп көлік аламыз, сонымен үйге. 36 млн-ға Алматыдан екі бөлмелі үй алдым. 2020 жылдың ақпан айында келдім. Үш жылда сонда жинадым, үйге ай сайын 1,5-1,6 млн ақша жіберіп тұрдым. Ақша жинаса, жиналады ғой? Неге жинамасқа?», — дейді ол.

Қазақстан азаматтары ер адамның бұл еңбегіне сүйсінген. Олар күні бүгінге дейін ер адамға жылы тілектерін жаудырып жатыр.


«Қандай мықты адамсыз, еңбегің жансын, енді көлігіңізді де алыңыз», «Қазақтар жалқау емес, осындай айлық беретін жұмыс болса, бәрі кірісетін еді ғой кез келген жұмысқа», «Жарайсыз, сәттілік, еңбегіңіз жана берсін» деп жазды олар.