Италияның қабылдау орталығына бір тәулікте 600-ден астам мигрант жеткізілді - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Италияның қабылдау орталығына бір тәулікте 600-ден астам мигрант жеткізілді

Италияның қабылдау орталығына бір тәулікте 600-ден астам мигрант жеткізілді

Бір тәулік ішінде теңіздегі апаттан зардап шеккен 600-ден астам мигрант италиялық Лампедуза аралына жеткізілді. Аралдың қабылдау орталығы толып қалды. Билік өкілдері мигранттардың бір бөлігін Сицилияға жіберіп жатыр.

  • 7 Мамыр 2023
  • 4
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Қазақпарат-қа сілтеме жасап хабарлайды.

Теңіздегі апаттан зардап шеккен, адамдар мінген 10 қайық италиялық Лампедузаға сенбі күні келді. Олар жағаға 430 адамды жеткізді.

Кейінгі күндері күн жылып, ай толып жарық болғандықтан Жерорта теңізін кесіп өтпекші болған мигранттар саны артқан. Жұма күні 247 адам мінген 7 қайық Лампедузаға жеткізілген болатын.

Лампедузадағы қабылдау орталығындағы адамдар санын азайтуға тырысқанына қарамастан, сыйымдылық 3 еседен асып кетті: орталықта 900-ге жуық адам бар.


Жергілікті билік Риммен келісе отырып мигранттардың бір бөлігін сицилиялық Порто-Эмпедоклеге Novelli паромымен жібереді.