Informburo.kz сайтының мәліметінше, Маңғыстау облысының шекарасы мен Каспий теңізі акваториясының бастапқы сызығы арасындағы жалпы ауданы 721940,2365 гектар жер облыс аумағына қосылмақ. Сәйкесінше, Маңғыстау облысының шекарасы да өзгереді, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.
Облыс әкімдігі әзірлеген түсіндірме жазбаға сәйкес, мұндай тапсырманы Үкімет басшысы тура бір жыл бұрын Маңғыстау облысына жасаған сапары барысында берген.
Қаулы жобасын талқылау мерзімі – 24 мамырға дейін.