«Айлық аз, халық кредитке белшесінен батқан»: Танымал блогер Үкіметтен Кореяда ұсталған екі жігітті елге қайтаруды талап етті - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Айлық аз, халық кредитке белшесінен батқан»: Танымал блогер Үкіметтен Кореяда ұсталған екі жігітті елге қайтаруды талап етті

«Айлық аз, халық кредитке белшесінен батқан»: Танымал блогер Үкіметтен Кореяда ұсталған екі жігітті елге қайтаруды талап етті

Таныма блогер, TikTok әлеуметтік желісінің жұлдызы Мадияр Телғозин Оңтүстік Кореяда ұсталған қос қазақ жігітінің елге қайтарылуын талап етті.

  • 11 Мамыр 2023
  • 312
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол өзінің желідегі парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Caravan.kz.

Мадияр Телғозиннің айтуынша жастар елден еріккеннен кетпейді. Оған себеп — елде жұмыссыздықтың жайылуы дейді блогер.

«Кореядағы екі қандас бауырымыз елге қайтарылмай, сол жақта сотталады дейді. Мұның бәріне Үкімет кінәлі, осыларға жұмыс тауып бере жатқан. Айлық аз, кредитке белшесінен батқан. Ол бауырларымызды мен түсінемін, қашып кетті… Бірақ елге келіп, сотталсын. Қарыз алып кетіп, олар не істерін білмей, сондайға барып тұр. Еріккеннен барып жатқан, бір-бірімен жарысып, тойхана салып жатқан бизнесмендер ағалар, жұмыс орындарын ашу керек қой? Бензинді қымбаттатпастан бұрын, солардың әлеуметтік жағдайымен теңестіріп алсаңыздаршы, олар алып жатқан айлықтың біз жартысын да алмаймыз. Халықпен санасу керек, ана қандас бауырларымыздың әке-шешесі қан жылап отыр ғой? Соған кім жауап береді»?, — деп жанайқайын жеткізді блогер.

Желі қолданушылары блогердің бұл ойын қолдаған. Олар:


«Дәл айттыңыз, жастар беталды барып жатқан жоқ ол жаққа, жұмыс іздеп бас сауғалап жатыр», «Обал екен екі жігітке Алла жар болсын», «Дұрыс айтасыз, жаңа тойханалар ашқанша, жұмыс орындарын ашпай ма кәсіпкерлер» деп жазды олар.