Өзбекстан президенттігіне сайлау науқаны басталды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Өзбекстан президенттігіне сайлау науқаны басталды

Өзбекстан президенттігіне сайлау науқаны басталды

Өзбекстанда 9 шілдеде өтетін президент сайлауы науқаны бүгін басталды.

  • 11 Мамыр 2023
  • 20
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Орталық сайлау комиссиясы хабарлап, сайлау округтерін құру 15 мамырға, ал сайлау учаскелерін құру 25 мамырға белгіленді. Сонымен қатар сайлаушылардың бірыңғай электронды тізімі жасалады, деп хабарлады Caravan.kz медиа-порталы turkystan.kz сайтына сілтеме жасап.

Саяси партиялар сайлау науқаны жарияланғаннан кейiн 3 күн iшiнде Орталық сайлау комиссиясына өздерiнiң уәкiлеттi өкiлдерiн тiркеу туралы өтiнiш жасауы тиiс.

Сайлауға қатысу үшін партиялар 15 мамырға дейін құжаттарын тапсыруы қажет. Президенттікке кандидаттар 17 мамыр мен 1 маусым аралығында ұсынылады.


Сайлауды дайындық пен өткізуге байланысты іс-шаралардың тәртібі, кезеңдері мен мерзімі туралы ақпарат сайлаушыларға және сайлау процесінің басқа да қатысушыларына Орталық сайлау комиссиясының ресми интернет-ресурсында және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында хабарландырулар арқылы жеткізілетін болады.