«Солай шештік»: Әли Оқапов желіде отбасындағы құпияларға қатысты жазба қалдырып, көпті ойлантып қойды - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Солай шештік»: Әли Оқапов желіде отбасындағы құпияларға қатысты жазба қалдырып, көпті ойлантып қойды

«Солай шештік»: Әли Оқапов желіде отбасындағы құпияларға қатысты жазба қалдырып, көпті ойлантып қойды

Әнші, Роза Рымбаеваның ұлы Әли Оқапов ұлының тегіне байланысты қауесетке жауап берді, деп хабарлайды Caravan.kz.

  • 12 Мамыр 2023
  • 34
Фото - Caravan.kz


Бұл туралы ол желідегі ресми парақшасында жазды.

«Зейін неге Оқапов? Неге Тасқын емес? Мәди неге Рымбаев? Шынымды айтсам, мен өз басым өмірімде үш рет фамилиямды өзгерткенмін. Себептер болды. Олармен бөлісу артық деп санаймын. Әр үйдің сыры болады дегендей, біздің де көпшіліктің алдында өз ақпараттық шекарамыз бар. Ішкен жегенімізге дейін көрсетіп, жеке өмірдің үтір нүктесіне дейін жария етіп, өмірімізден реалити шоу жасағымыз келмейді. Ондай деңгейдегі шоу теледидарда толып тұр, көрермен жетеді… Неге Оқапов? Неге Рымбаев? Солай шештік. Солай дұрыс деп санаймыз, яғни себеп бар. Қалғаны маңызды емес. Түсінесіздер деп сенеміз. Ең бастысы бақыттымыз», — деп жазды ол.