Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы «Хабар 24»-ке сілтеме жасап хабарлайды.
Олардың жылдамдығы сағатына 80 шақырымға жетеді. Аптасына 10 мың жолаушыны тасымалдай алады. Дегенмен ішінде көлік жүргізушісі болады. Керек болған жағдайда ол автобус тізгінін өзіне алады. Тағы бір қызметкер билет сатып, жолаушыларға қарайды. Осы жобаны жүзеге асырған көлік компаниясы өкілінің айтуынша, бұл – әлемдегі өздігінен жүретін үлкен өлшемді автобустардың алғашқылары. Қанатқақты жоба 2025 жылға дейін жалғасады.