Бұл туралы ол Twitter желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.
"Бокстан әлем чемпионатының финалдық жекпе-жектерін зор қызығушылықпен тамашаладым. Жеңіске деген ерік-жігер мен шынайы патриотизмнің жарқын үлгісін көрсеткен боксшыларымыз Санжар Тәшкенбай, Махмұд Сабырхан, Асланбек Шымбергенов және Нұрбек Оралбайды шын жүректен құттықтаймын!", — деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.