«Хиджаб былай тұрсын, қыз-келіншектер ниқаб киюге көшіпті»: Танымал журналист Атыраудағы діни ахуалды айтып, дабыл қақты - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+14 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Хиджаб былай тұрсын, қыз-келіншектер ниқаб киюге көшіпті»: Танымал журналист Атыраудағы діни ахуалды айтып, дабыл қақты

«Хиджаб былай тұрсын, қыз-келіншектер ниқаб киюге көшіпті»: Танымал журналист Атыраудағы діни ахуалды айтып, дабыл қақты

Танымал журналист, көпшілікке «Әйел әлемі» авторлық бағдарламасы арқылы танылған Айнұр Омар Атырауға сапары жайлы айтып, шенділерден көмек сұрады.

  • 15 Мамыр 2023
  • 949
Фото - Caravan.kz

Айтуынша өңірде теке сақал қойып, хиджаб пен ниқабқа оранғандар cаны тым көбейген, деп хабарлайды Сaravan.kz.

Бұл туралы ойын ол желідегі парақшасында мәлімдеді.

«Ұшақтың алдыңғы жағынан орын тиді. Ел аяғы басылды-ау дегенде әжетханаға шықтым. Онысы тұп-тура соңында екен. Ұшу уақыты қайта-қайта шегірілген еді, таңғы 7.35 тегі рейске бестен тұрып дайындалатының рас қой. Ел қалың ұйқыға кетіпті. Жол-жөнекей сақал қойған еркектер көзге еріксіз түсті. Қарайын деп қарамайсың ғой, ұшақтағының жартысынан көбі теке сақалы тікірейіп қорылға басыпты.
Екі-үш күн Исатай ауданында болып, бүгін Атыраудың орталық алаңын түсіріп жатқанбыз. Хиджаб былай тұрсын, етегі жер сүйреген қыз-келіншектер ниқаб киюге біржола көшіп алыпты. Тіпті жасөспірім қыздарын да орап қойған. Барлығы жастар. Мен қорқайын дедім, жо-жоқ, қорқып отырмын», — деді ол.

Көпшілік журналистің жанайқайын жоққа шығармаған. Олар Атырау облысында шынымен де діни ахуал қиын екенін ашық айтқан.


«Бұл жақта осылай оранғандар өте көп, бастапқыда сенбеп едім, кейін іс-сапармен барғанда өз көзіммен көрдім, қиын жағдай», «Өздерімен қоса балаларын да тұмшалап қояды, билік қайда қарап отырғанын білмейсің?», «Иә, дұрыс айтасыз, солай деп естідік» деп жазды олар.