Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
Арслан Құрманбеков — азаматтық қорғаныс сержанты.
1994 жылы 23 тамызда Алматы облысы Талғар ауданы Талғар қаласында дүниеге келген. Еңбек жолын Алматы қаласы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ №9 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінде өртсөндіруші-құтқарушы ретінде бастаған. Алматы қаласы ТЖД "ӨСжАҚЖҚ" ММ №1 өрт сөндіру бөлімінде өртсөндіруші, аға өртсөндіруші-құтқарушы болып қызмет атқарған.
Төтенше жағдайлар министрлігі Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі №7 өрт сөндіру бөлімінің аға өртсөндіруші-құтқарушысы лауазымына 2019 жылы тағайындалған.