«Аштан келгендер»: Ақтөбеде тегін донерге таласқан жұрттың масқарасы шықты (ВИДЕО) - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Аштан келгендер»: Ақтөбеде тегін донерге таласқан жұрттың масқарасы шықты (ВИДЕО)

«Аштан келгендер»: Ақтөбеде тегін донерге таласқан жұрттың масқарасы шықты (ВИДЕО)

Ақтөбеде жергілікті донер жасаушылардың бірі тегін тағам береміз деп, жұртты дүрбелеңге салып қойды.

  • 17 Мамыр 2023
  • 13
Фото - Caravan.kz

Көптеген халық донердің тегін таратылатынын естіп, бір-бірін таптап кете жаздаған, деп хабарлайды Сaravan.kz.

Халықтың тегін донерге таласып, бір-бірін таптап кете жаздаған сәті желіде тарап кетті. Онда донер сататын жерге жүздеген халықтың келгенін анық көруге болады.

Көпшілік осындай жарнаманы айтып, халықты дүрбелеңге салып қойған донер иелерін сынға алды.

«Әдейі, халықтың есін шығару үшін осылай істейді ғой деймін», «Аштан келді ма халық, не болды соншама?», «Ұят нәрсе негізі, осыдан-ақ халықтың мәдениетін көруге болады», «Ұйымдастырушыларда ғой бар кінә» деп жазды олар.