"Аллаһ акбар", "Тәңір" деп 19 млн халқыңыз мың құбылып, басы ауған жаққа бет-бетімен кетіп барады" - Сәуле Әбілдаханқызы - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+13 °C
Алматы
2026 Жыл
20 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Аллаһ акбар", "Тәңір" деп 19 млн халқыңыз мың құбылып, басы ауған жаққа бет-бетімен кетіп барады" - Сәуле Әбілдаханқызы

"Аллаһ акбар", "Тәңір" деп 19 млн халқыңыз мың құбылып, басы ауған жаққа бет-бетімен кетіп барады" - Сәуле Әбілдаханқызы

Журналист Сәуле Әбілдаханқызы елімізде түрлі бөлінушілік болып жатқанына алаңдаушылық білдірдіі.

  • 17 Мамыр 2023
  • 588
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы ол Facebook желісіндегі парақшасында жазды, — деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Президент мырза!

Қазақта "ала тайдай бүлінген" деген сөз бар…

Шығысыңыз Ленин деп, Батысыңыз Сталин деп, Солтүстігіңіз ссср деп, қызыл ту көтеріп, төрт құбылаңыз "аллаһуакбар" деп, "тәңір" деп, 19 млн халқыңыз мың құбылып, ел іші ала тайдай бүлініп, әрқайсысы басы ауған жаққа бет-бетімен кетіп барады…

Ұлттық демей-ақ қояйық (оның ауылы алыс), бірлік, тұтастық, мемлекеттік, мемлекетшілдік деген ортақ мақсат, ортақ идея деген болмаушы ма еді? Онсыз мемлекет тұтастығына қауіп төнбей ме?

"Қазақстанды, қазақты қырық жапыраққа бөлмей, бәрің артты қысып, ортақ мақсатқа, бір бағытқа ұйысыңдар, айрандай ұйығыларың келмей ме, елді іркіттей ірітпей, қалаған жақтарыңа қайқайыңдар!.." деп, майлы құйрықтан бір теуіп, жон арқасына қырық өрім қамшымен қырық дүре соғып, вщть дегізсеңізші. Надаел болды ғой… жан-жақтан түрлі-түрлі "идеолог" идиоттар әбден қанды ішті ғой… Әй дейтін әже, қой дейтін қожа бар ма бұл елде??? Бәрі бетімен кетті ғой…


Құдай артының қайырын берсін!", — деп жазды журналист.