Елбасы Солтүстік Атлантикалық Альянс пен Солтүстік Атлантикалық әріптестік кеңесінің Стамбұлда басталған саммитіне қатысуда - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы Солтүстік Атлантикалық Альянс пен Солтүстік Атлантикалық әріптестік кеңесінің Стамбұлда басталған саммитіне қатысуда

Елбасы Солтүстік Атлантикалық Альянс пен Солтүстік Атлантикалық әріптестік кеңесінің Стамбұлда басталған саммитіне қатысуда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Солтүстік Атлантикалық Альянс пен Солтүстік Атлантикалық әріптестік кеңесінің Стамбұлда басталған саммитіне қатысуда. Кездесуге Солтүстік Атлантикалық Альянсқа мүше 26 елдің, Солтүстік Атлантикалық әріптестік кеңесіне мүше 20 елдің мемлекет басшылары қатысуда,- деп хабарлайды дүниежүзілік БАҚ-тар.

  • 28 Маусым 2004
  • 570
Фото - Caravan.kz

Стамбұлда Солтүстік Атлантикалық Альянстың Ауғанстандағы күштері аясын одан әрі кеңейтуге қатысты және басқа да бірсыпыра маңызды шешімдер қабылданбақшы. Бұл Ауғанстанда қыркүйек айында өтетін сайлауға қолдау көрсетуде Солтүстік Атлантикалық Альянс тарапынан жетекші роль атқаруға мүмкіндік бермек. Сондай-ақ, Солтүстік Атлантикалық Альянстың әріптестері аясын кеңейту және оны күшейту, Босниядағы Солтүстік Атлантикалық Альянс операцияларын аяқтау тәрізді көптеген түйткілді мәселелер шешімін табады деп күтілуде.

Қазақстан кейінірек Солтүстік Атлантикалық әріптестік кеңесі болып қайтадан құрылған Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесіне 1992-жылы мүшелікке өткен. 1994-жылы сондай-ақ, Қазақстан «Бейбітшілік үшінгі әріптестік» бағдарламасына бірікті.

Перейти к новостям спорта