Шығыс Қазақстан облысында дауылдан зардап шеккен ғимараттар қалпына келтірілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шығыс Қазақстан облысында дауылдан зардап шеккен ғимараттар қалпына келтірілуде

Шығыс Қазақстан облысында дауылдан зардап шеккен ғимараттар қалпына келтірілуде

Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданында дауылдан зардап шеккен ғимараттар қалпына келтірілуде. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ҚР төтенше жағдайлар жөніндегі Агенттігінің баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Маусым 2004
  • 525
Фото - Caravan.kz

Агенттік ақпаратына сәйкес, 22-маусым күні 22 сағат пен 22 сағат 15 минут аралығында осындағы Қарауыл, Архат, Көкбай және Құндызды ауылдарында жаңбыр араласқан қатты дауыл соқты. Желдің жылдамдығы секундына 28 метрге дейін жеткен. Табиғаттың оқыс мінезі салдарынан Көкбай және Архат ауылдарындағы орта мектептерде терезе әйнектері сынып, Құндызды ауылындағы орта мектептің бу қазандығының құбырына ақау келіп, 10 үйдің шатыры қирады. Зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ.

28-маусым күнгі 18 сағаттағы жағдаймен Архат және Көкбай ауылдарындағы мектеп ғимараттарының шатырлары мен терезе ойықтары жартылай қалпына келтірілді. Әкімшіліктің аудандық комиссияларының мәліметі бойынша, шығын көлемі 714,3 мың теңгені құрады.

Перейти к новостям спорта