Қостанайда өзін-өзі өртеп жіберген бір зейнеткер балконнан секіріп кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 487.02
  • 552.23
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
25 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қостанайда өзін-өзі өртеп жіберген бір зейнеткер балконнан секіріп кетті

Қостанайда өзін-өзі өртеп жіберген бір зейнеткер балконнан секіріп кетті

Қостанайда 64 жастағы бір еркек бесінші қабаттағы балконнан секіріп мерт болды. Секірмес бұрын ол үстіне жанармай шашып, өзін-өзі өртеп жіберген. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық ІІБ-ның баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 29 Маусым 2004
  • 374
Фото - Caravan.kz

Зейнеткер өлер алдында қолхат жазып, онда бұдай былай осылайша күн көру мүмкін емес екенін жеткізіпті. Тәртіп сақшыларының айтуынша, оқиға ізімен жүргізілген жан-жақты зерттеу бойынша ер адамның шын мәнінде өз өмірін өзі қиған деп кесіп айтуға негіз бар. Сол себепті қылмыстық іс қозғауға ешбір сылтау табылмаған.

Белгілі болғанындай, қайтыс болған адам жұмыссыз қызы мен кәмелеттік жасқа жетпеген немересімен бірге тұрған. Отбасы оның 6 мың теңгелік зейнетақысымен ғана күнелтіп келген. Көршілерінің айтуынша, зейнеткер ішімдік ішпейтін, сезім-жүйке ауруларымен де ауырмаған.