Парламент "Кейбір заң актілеріне темір жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Парламент "Кейбір заң актілеріне темір жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Парламент "Кейбір заң актілеріне темір жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды қабылдады

Бүгін, 29-маусымда өткізілген мәжілістің жалпы отырысында халық қалаулылары "Кейбір заң актілеріне темір жол көлігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасына сенат тарапынан енгізілген түзетулермен келісті,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі республика Елордасынан.

  • 29 Маусым 2004
  • 529
Фото - Caravan.kz

Заң қабылданды деп танылып, мемлекет басшысының қол қоюына жіберілді.

Заң бойынша «ҚР көлік туралы» және «Темір жол көлігі туралы» заңдарға өзгерістер енгізіледі.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бұл заңды қабылдау бәсекелестікті дамытуды, көлік рыногының барлық субьектілерінің темір жол көлігі қызметтерін алуға ұтымды және еркін қол жеткізуді, магистральдық темір жол желісінің бірыңғай мүліктік кешенін сақтауды, ұлттық рынок субьектілерінің экономикалық мүдделерін қорғауды қамтамасыз етеді.
Сондай-ақ, заң жобасы нарықтық экономика талаптарына сәйкес темір жол саласының жаңаша жұмыс моделіне құқықтық негіз қалауға бағытталған.

Перейти к новостям спорта