Мәжіліс жанар-жағармайға байланысты құрылған депутаттық жұмыс тобының іс-қызметін жалғастыруды қолдап дауыс берді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мәжіліс жанар-жағармайға байланысты құрылған депутаттық жұмыс тобының іс-қызметін жалғастыруды қолдап дауыс берді

Мәжіліс жанар-жағармайға байланысты құрылған депутаттық жұмыс тобының іс-қызметін жалғастыруды қолдап дауыс берді

Мәжіліс жанар-жағармайға байланысты құрылған депутаттық жұмыс тобының іс-қызметін жалғастыруды қолдап дауыс берді. Мұндай шешім бүгін, 29-маусымда палатаның жалпы отырысында қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 29 Маусым 2004
  • 382
Фото - Caravan.kz

Топ жетекшісі Ерасыл Әбілқасымовтың айтуына қарағанда, «топ «Павлодар мұнайхимия зауыты» ЖАҚ мен Шымкенттегі «Петро Қазақстан Ойл Продактс» ААҚ-на жолдаған депутаттық сауалдарына күні бүгінге дейін толыққанды жауап ала алмаған». «Осыған байланысты мен тіпті ҚР бас прокуратурасының көмегіне жүгінуге мәжбүр болдым. Алайда, зауыт басшылары бәрібір жауап берген жоқ»,- деді депутат. Оның айтуынша, жұмыс тобы жанар-жағармайдың көтерме саудасын жүзеге асырушы облыстардағы операторлардан да ресми жауап ала алмаған. Бұған қоса, шетелдік компаниялардың қатысуымен мұнай және мұнай өнімдерін өндіру, өңдеу және тасымалдау жөніндегі келісім-шартының көшірмелерін, шарттарда көрсетілген баға белгілеу формуласы мен түскен кірістен мемлекеттік бюджетке аударылатын төлемдер, мұнай өндіруші компаниялардың жалпы республика бойынша корпоративтік кірісі, бонус және роялти мөлшері туралы мәліметтерді алу мүмкін болмай отыр. «Бұл қасақана жасалып отырған әрекет деп білемін»,- деді Е.Әбілқасымов.

Сондай-ақ, депутаттың пікірінше, бұл жайт «парламенттің үкімет пен оның қарамағындағы құрылымдардың, соның ішінде ұлттық компаниялардың іс-қызметіне нақты бақылау қою тетіктерінен құралақан екенін тағы бір дәлелдей түседі».
Осыған байланысты жұмыс тобының жетекшісі мәжіліс депутаттарына екінші шақырылған парламент мәжілісі депутаттарының құзыры аяқталғанша жұмыс тобының іс-қызметін жалғастыра беруді ұсынды.
Депутаттық жұмыс тобы республика нарығында жанар-жағармайға байланысты қалыптасып отырған ахуалды зерттеу, республика аумағында жанар-жағармай бағасын тұрақтандыруға қатысты заңнамалық-ұйымдастырушылық нақты ұсыныстар әзірлеу мақсатымен 2003-жылдың 10-қыркүйегінде құрылған. Комиссия осы мәселе бойынша 10 жиын өткізіп, жанар-жағармай рыногын тұрақтандыруға қатысты республикалық заңнамаларға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөнінде бірқатар ұсыныстар әзірледі.

Перейти к новостям спорта