ҚР бас прокуратурасының пайымдауынша, кеден мен қаржы полициясы экономикалық контрабандаға қатысты қылмыстық істерді тым селқос тексеруде - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ҚР бас прокуратурасының пайымдауынша, кеден мен қаржы полициясы экономикалық контрабандаға қатысты қылмыстық істерді тым селқос тексеруде

ҚР бас прокуратурасының пайымдауынша, кеден мен қаржы полициясы экономикалық контрабандаға қатысты қылмыстық істерді тым селқос тексеруде

ҚР бас прокуратурасының коллегиясы Кедендік бақылау агенттігі мен

  • 30 Маусым 2004
  • 476
Фото - Caravan.kz

Экономикалық және жемқорлық қылмыстармен күрес жөніндегі агенттігінің экономикалық контрабандаға қатысты қылмыстық істерді тексеру жұмыстары Қылмыстық-процессуалдық кодекс талаптарына толыққанды сәйкеспейді деген қорытынды жасады. Бұл туралы алқа мәжілісінің қорытындысы бойынша таратқан ҚР бас прокуратурасының баспасөз қызметінің хабарламасында айтылған. Бас прокуратура аталмыш мекемелердің атына тиісті ұсыныстар жолдады.

Құқық қорғау мекемелерінің экономикалық контрабандалық қылмыстарды әшкерелеу белсенділігінің төмендегенін статистикалық мәліметтер де дәлелдеп отыр. Прокурорлық тексерулер барысында ҚР Қылмыстық істер кодексінің «экономикалық контрабанда» жөніндегі 209 бабы бойынша қылмыстық істерді заңсыз қозғау арқылы статистикалық есеп қорытындысын жасанды жолмен жақсартып көрсету деректері анықталды. Егер 2003-жылы әрбір екінші қылмыстық іс аяқталмай қалса, 2004-жылдың бірінші тоқсанында ақырына жеткізілген қылмыстық істердің үлес салмағы 21,4 процентке дейін кеміді.
Сондай-ақ, бас прокуратураның коллегиясы жергілікті атқару органдарының жерді мемлекеттің мүддесі үшін тартып алуына байланысты әрекеттерге прокуратура тарапынан қойылатын қадағалауды күшейту қажеттігін атап көрсетті. Прокуратураның пікірінше, бұл ретте жерді қайтарып алу жөніндегі заңмен белгіленген процедураны бұзу оқиғалары жиі кездесуде. Сондай-ақ, мемлекеттік меншікке қамтылған жылжымайтын мүлікті бағалаудың біртұтас тәртіптерін жасау туралы ұсыныс қолдау тапты.

Перейти к новостям спорта