"Дархан" шекара бекетінде өзбек жүргізушісі қазақстандық шекарашыны көлікпен қағып кетті - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Дархан" шекара бекетінде өзбек жүргізушісі қазақстандық шекарашыны көлікпен қағып кетті

"Дархан" шекара бекетінде өзбек жүргізушісі қазақстандық шекарашыны көлікпен қағып кетті

Қазақ-Өзбек шекарасында бір автокөлік қазақстандық шекарашыны қағып кетті. Бұл туралы Оңтүстік Қазақстан облыстық ІІББ-ның баспасөз қызметінен KZ-today тілшісіне хабарлады.

  • 1 Шiлде 2004
  • 445
Фото - Caravan.kz

30-маусым, сәрсенбі күні «Дархан» шекара бекетінде қазақстандық шекарашылар өзбек номері бар «Жигули» автокөлігін тексеру үшін тоқтатқан. Көлікте жүргізушімен бірге үш жолаушы отырған. Шекарашылар жүргізушіден көліктің жүксалғышын ашуды өтінген кезде жолаушылар көліктен шығып тұра қашқан көрінеді. Ал осы сәтте шегіне жөнелген жүргізуші әскери борышын келісім-шартпен өтеп жүрген 23 жастағы Еркін Палхожаевты қағып кетті. Көлік шекарашыны 20-25 метр жерге сүйреп әкеткен. Қазір зардап шегуші ауыр жағдайда ауруханада жатыр.

21 жастағы Өзбекстан азаматы, жүргізуші Марат Оралбаев қамауға алынды. Көлікке тексеру жүргізген кезде қандайбір заңсыз дүние табылмаған. М.Оралбаевтың үстінен ҚР Қылмыстық істер Кодексінің «Денсаулыққа қасақана ауыр нұқсан келтіру» жөніндегі 103-ші бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Перейти к новостям спорта