Шымкентте бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша 23 мектептің оқу ісін басқарушыларына сөгіс жарияланды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша 23 мектептің оқу ісін басқарушыларына сөгіс жарияланды

Шымкентте бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша 23 мектептің оқу ісін басқарушыларына сөгіс жарияланды

Шымкентте бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша 23 мектеп директорларының оқу ісі жөніндегі орынбасарларына сөгіс жарияланды. Бұл туралы бүгін, 1-шілдеде Шымкент қалалық білім беру басқармасының кеңейтілген алқа мәжілісінде жария етілді,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі.

  • 1 Шiлде 2004
  • 636
Фото - Caravan.kz

Алқа мәжілісінде бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы шығарылды. Шымкенттік мектеп түлектерінің 17 проценті ғана тестілеу нәтижесінде 40 балл жинай алмағандығы айтылды. Ал былтыр бұл көрсеткіш 30 проценттен асқан. Облыс бойынша ең шалғайда орналасқан Созақ ауданы бірыңғай ұлттық тестілеу қорытындысы бойынша ең жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Онда мектеп түлектерінің 11,2 проценті 40 балл жинай алмаған.

Қалалық білім беру басқармасының төрайымы Айман Елеуова алқа мәжілісінде түлектерінің басым бөлігі бірыңғай ұлттық тестілеуден өтпей қалған Шымкенттегі 23 орта мектептің оқу ісін басқарушыларға өз міндеттерін тиісті деңгейде атқара алмағаны үшін сөгіс жарияланғанын хабарлады.
Шымкентте жалпы білім беретін 70 орта мектеп жұмыс істейді.

Перейти к новостям спорта