"Асар" партиясы Алматы қалалық бюджетінің шығындарын оның кіріс бөлігінің 50 процентіне дейін жеткізуге күш салмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Асар" партиясы Алматы қалалық бюджетінің шығындарын оның кіріс бөлігінің 50 процентіне дейін жеткізуге күш салмақшы

"Асар" партиясы Алматы қалалық бюджетінің шығындарын оның кіріс бөлігінің 50 процентіне дейін жеткізуге күш салмақшы

"Асар" партиясының Алматы қалалық мәслихатындағы фракциясы Алматы қалалық бюджетінің шығындарын оның кіріс бөлігінің 50 процентіне дейін жеткізуге күш салмақшы. Бүгін, 1-шілдеде "Асар" республикалық партиясы төрайымының орынбасары, Алматы қалалық мәслихатының депутаты Сергей Киселев партияның Алматы қалалық филиалының бас қосуында сөйлеген сөзінде осылай деп хабарлады.

  • 1 Шiлде 2004
  • 423
Фото - Caravan.kz

С.Киселевтің пайымдауынша, «республикалық бюджетке аударғаннан кейін қаланың қарамағында қалатын 70 млрд. теңге түкке де тұрмайды». «Алматыда барлығы 220 млрд. теңгенің салықтары жиналады. Демек, қала өз аумағында жиналған кірістің 30 процентін ғана кері қайтарып алады деген сөз. Біз кірістің 50 проценті қаланың иелігінде қалуын талап етеміз және бұл қаржы қаланы жайластыруға, әлеуметтік бағдарламаларды қаржыландыруға жұмсалуы тиіс. Мәслихаттар қабылдаған осындай сансыз бағдарлама қаржы тапшылығынан жүзеге асырылмай жатыр»,- деді ол.

«Асар» партиясының Алматы қалалық мәслихатындағы фракциясы осындай ұсыныспен жаңадан сайланатын парламентке шықпақшы, деді С.Киселев. Ол алдағы сайлауда «Асар» партиясының атынан парламентке сайланатын мәжіліс депутаттары 2005-жылғы республикалық бюджетті қабылдағанда бұл ұсынысты қолдайды дегенге сенім білдірді.
«Асар» партиясының Алматы қалалық мәслихатындағы фракциясының жұмысына тоқталған С.Киселевтің хабарлауынша, фракцияда төрт адам бар. Мәслихаттағы жұмыстары нәтижесінде фракция мектептерді күрделі жөндеуге 300 млн. теңге, аулааралық алаңдарды жайластыруға 300 млн. теңге бөлуге қол жеткізген. «Бұл жобалар қазір нақты іске асырыла бастады. Кешікпей қала тұрғындары біздің жұмыстарымыздың нәтижесіне көз жеткізеді»,- деді депутат.

Перейти к новостям спорта