Еліміздің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жергілікті жерлерде жүзеге асыру мәселесі үкіметте өткен отырыста қаралды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің индустриялық-инновациялық даму  стратегиясын жергілікті жерлерде жүзеге асыру мәселесі үкіметте өткен отырыста  қаралды

Еліміздің индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жергілікті жерлерде жүзеге асыру мәселесі үкіметте өткен отырыста қаралды

Қазақстан Республикасының үкімет басшысының кеңсесі төрағасының орынбасары Қайрат Смағұловтың төрағалығымен өткен кеңесте еліміздің 2003-2015 жылдарға арналған индустриялық-инновациялық даму стратегиясын жергілікті жерлерде жүзеге асыру мәселесі қаралды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне үкімет басшысының баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 1 Шiлде 2004
  • 534
Фото - Caravan.kz

Үкіметтің бастамасы бойынша республиканың әр өңірінде экономиканың бәсекелестігін анықтау мақсатында маркетингтік зерттеу жүргізу үшін инвестициялық жобалар таңдап алынды. Бұл жоба бойынша қосымша құны жоғары өнімдер өндіретін озық технологиялы кәсіпорындар құруды қамтамасыз ету көзделінген. Осыған байланысты Елбасының үкіметке жүктеген тапсырмасын жүзеге асыру жүйесін қамтамасыз ету үшін іс-қимыл жоспары бекітілген еді. Онда инновациялық даму институттары мен қаржылық қызметтің тиімділігін орнықтыруға, көмекші қажетті базаларды қалыптастыруға байланысты дайындық сипатындағы іс-шаралар қарастырылған.

Индустриялық-инновациялық даму стратегиясын (ИИДС) жүзеге асыру барысында бірқатар себептерге байланысты тиісті істер өз деңгейінде жүргізілмей отырғанын ескере отырып, үкімет басшысы Даниал Ахметов премьер-министрдің кеңсесіне осы іске бақылауды күшейтуді және барлық облыс әкімдіктерінің, сондай-ақ Алматы және Астана қаласы әкімдігінің өкілдеріне атқарылған жұмыстар туралы есеп беруді тапсырған болатын. Бірінші болып үкіметке есеп беруге Қостанай және Қызылорда облыстары әкімдерінің орынбасарлары шақырылды.
Қостанай облысы әкімдігінің ақпараты бойынша, ИИДС бағдарламасына 50 инвестициялық жоба енген, оның 8-і басым бағыттағы жоба болып есептеледі. Олардың арасында — «Двигательдердің жаңа толқынын ғылыми-зерттеу әзірлемесі», «Флоат-шыны өндірісі жөніндегі зауыттың құрылысы», «Тұсқағаздар өндірісін дамыту» тәрізді жобалар бар. Алайда, үкіметтегі кеңесте атап өтілгеніндей, инновациялық стратегия құрамында тиісті облыстық жоспар нақты көрініс таппаған. Бұдан басқа, 50 жобаның әзірге тек біреуі ғана қаржыландыруға ұсынылған. Қалғандары қайта пысықтауды және қосымша рәсімдер жүргізуді қажет етеді.
Бұл стратегиялық бағдарлама Қызылорда облысында тиісті деңгейде жүргізілмей отыр. Мысалы, 12 инвестициялық жобаның 7-і талаптарға сай болмағандықтан кері қайтарылған. Бұдан басқа, бүгінгі күні бекітілген өңірлік жобаның бірде-біреуі қаржыландыруға ұсынылмаған.
ҚР премьер-Ммнистрі кеңсесінде өткен кеңестің қорытындысы бойынша кемшіліктерді тез арада жоюға байланысты тиісті шаралар қолдануға нұсқау берілді. Алдағы уақытта Ақмола мен Шығыс Қазақстан облыстары әкімдерінің орынбасарларының есептері тыңдалатын болады. Ал Атырау, Алматы және Қарағанды облыстарына бағдарламалық құжаттардың орындалу барысын тексеру үшін ведомствоаралық жұмыс тобы жіберілетін болды.

Перейти к новостям спорта