Техносаябақ құрылтайшыларының арасында «Градиент РЗО» АҚ, «Инжиниринг және технологиялар трансферті» АҚ, «Гидроприбор ҒЗИ» АҚ, Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті бар.
«Алгоритм» техносаябағының жарғылық қоры 350 млн. теңге болмақ.
Қазіргі жағдаймен инженерлік жұмыстарға арналған алаң құрылды. Техникалық жобаларды жүзеге асыра алатын инженерлік мамандары бар «Гидроприбор» ғылыми-зерттеу институты база ретінде таңдап алынды. Сондай-ақ, бұл кәсіпорында тәжірибелік үлгілер жасауға мүмкіндік беретін тәжірибелік-эксперименталдық базасы — өндірістік цехтары бар. Бұл жобаға ресейлік ғалымдар да қатысады деп күтілуде.