Астанадағы жастар ұйымдары қауымдастығының төрағасы Елдар Катеновтың хабарлауынша, Елордасындағы 30-ға жуық ұйым жәрмеңкеде өз аясындағы уақытша және тұрақты сипаттағы бос жұмыс орындарын жария етті. Жәрмеңкеге Елордасында жұмыс таба алмай жүрген мыңдаған жастар қатысты.
Осындай жәрмеңкелер жыл сайын өткізіліп тұрады деп күтілуде. Жастарға арналған бос жұмыс орындарының жәрмеңкесінде Астанадағы көптеген ұйым-мекемелердегі 16 мен 30 жас аралығындағы жастар орналаса алатын бос жұмыс орындарына қатысты мәліметтер қоры құрылды.