2004-жылы мұнай өндіруші "Өзенмұнайгаз" компаниясы Петропавл ауыр машина жасау зауытынан үш бірдей жаңа бұрғылау қондырғысын алады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
2004-жылы мұнай өндіруші "Өзенмұнайгаз" компаниясы Петропавл ауыр машина жасау зауытынан үш бірдей жаңа бұрғылау қондырғысын алады

2004-жылы мұнай өндіруші "Өзенмұнайгаз" компаниясы Петропавл ауыр машина жасау зауытынан үш бірдей жаңа бұрғылау қондырғысын алады

"Петропавл ауыр машина жасау зауыты" ААҚ 2004-жылы мемлекеттік тапсырыс бойынша германияның "Бентек" фирмасымен бірлесіп мұнай өндіруші "Өзенмұнайгаз" компаниясының өндірістік филиалы "ҚазМұнайГаз. Барлау.Өндіру" компаниясына арнап МБУ-125 деп аталатын үш жылжымалы бұрғылау қондырғыларын жасап береді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ұңғыларды бұрғылау және жөндеу департаментінің директоры Дүйсен Медеуов хабарлады.

  • 5 Шiлде 2004
  • 673
Фото - Caravan.kz

Оның айтуынша, МБУ-125 бұрғылау қондырғысының біреуінің құны 680 млн. теңгені құрайды. Үш бұрғылау кешені өндірістік филиал кеніштеріне 2004-жылдың аяғына дейін жеткізілуі тиіс.

Д.Медеуовтың хабарлауынша, бұған дейін кеніштерде Ресейде өндірілген БУ-75 маркалы бұрғылау техникасы қолданылып келген. Мобиьльділігі төмен бұл қондырғыны құрастыруға 5-6 күн қажет. Ал МБУ-125 бұрғылау қондырғысын 2-2,5 тәулікте құрастыруға болады.
Д.Медеуовтың хабарлауынша, «Петропавл ауыр машина жасау зауыты» ААҚ 2003-жылы германияның «Бентек» фирмасымен бірлесіп МБУ-125 бұрғылау қондырғысының тәжірибелік үлгісін жасап шығарған. Тәжірибелік МБУ-125 үлгісінің көмегімен былтыр төрт ұңғы бұрғыланды.
Д.Медеуовтың айтуынша, алдағы уақыттарда Петропавл ауыр машина жасау зауыты мобильді бұрғылау қондырғыларын өз бетімен шығара бастайды.

Перейти к новостям спорта