Петропавлдық үздік оқушылар Мәскеудегі халықаралық лагерьде орыс тілін оқып қайтты - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
19 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Петропавлдық үздік оқушылар Мәскеудегі халықаралық лагерьде орыс тілін оқып қайтты

Петропавлдық үздік оқушылар Мәскеудегі халықаралық лагерьде орыс тілін оқып қайтты

Петропавл мектептерінің 9-сыныбын бітірген төрт оқушы Мәскеудегі орыс тілін үйрететін халықаралық лагерьде екі апталық дәріс тыңдап қайтты. Лагерь Қазақстандағы Ресей жылының аясында ұйымдастырылды. Ал мектеп оқушыларының сапары Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Тайыр Мансұров пен Мәскеу қаласының әкімі Юрий Лужков биылғы қаңтар айында қол қойған өзара ынтымақтастық туралы келісімге сәйкес жүзеге асты. Бұл туралы KZ-today тілшісіне оқушыларды мәскеуге апарып қайтқан Петропавлдағы "BEST" лингвистикалық гимназиясының оқытушысы Оксана Сараева хабарлады.

  • 5 Шiлде 2004
  • 509
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Қазақстандық оқушылар Мәскеу білім беру департаментінің оңтүстік-шығыс округтық басқармасының шақыруымен Мәскеуде болды. Жолақысы мен дәрігерлік сақтандырудан өзге қаржыны түгелдей қабылдаушы жақ көтерді. Сапарға үздік оқушылар мен түрлі пән олимпиадаларының жеңімпаздары іріктелді.

Мәскеудегі лагерьде оқушылар аптаның бес күн бойына күніне бес сағаттан орыс тілінің ережелерін қайталап, шығармалар жазып, қабырға газеттерін шығарды. Қазақстандықтар ресейлік құрбы-құрдастарына өз халқының салт-дәстүрлері туралы әңгімелеп берді. Сапарға орай қызғылықты мәдени бағдарлама ұйымдастырылыпты. Оқушылар Құтқарушы Христос Храмы, Мемлекеттік Третьяков галереясы, бірінші Петр патшаның Коломнадағы усадьбасы тәрізді тарихи орындарға саяхаттан үлкен әсерге бөленді.
О.Сараеваның айтуынша, орыс тілін үйрететін халықаралық лагерь жұмысын Қазақстандағы Ресей жылы аяқталғаннан кейін де жалғастыра беру көзделіп отыр. Алғашқы шараның нәтижесіне ұйымдастырушылар мен қонақтардың қай-қайсысының да көңілі толды.

Перейти к новостям спорта