Қарағанды облысында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген 50 жастағы жұмысшы мерт болды - kaz.caravan.kz
  • $ 512.1
  • 583.64
+19 °C
Алматы
2025 Жыл
3 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Қарағанды облысында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген 50 жастағы жұмысшы мерт болды

Қарағанды облысында жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген 50 жастағы жұмысшы мерт болды

Қарағанды облысында "Испат-Кармет" ААҚ-ның домна пешінде жөндеу жұмыстарын жүргізіп жүрген 50 жастағы жұмысшы мерт болды. Бұл туралы KZ-today тілшісіне облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі басқармасынан хабарлады.

  • 5 Шiлде 2004
  • 428
Фото - Caravan.kz

Қайғылы оқиға 4-шілде, жексенбі күні болған. «Оралдомнаремонт» мердігерлік жөндеу ұйымының 50 жастағы жұмысшысы №4 домна пешін жөндеу барысында 39 метр биіктіктен құлап кеткен. Басынан ауыр жарақаттанып, бірнеше қабырғасы сынған жұмысшы ауруханаға жеткізілген. Алайда, зардап шегуші операцияға дайындық жұмыстары барысында жарақат салдарынан қайтыс болды.