ҚР Халық банкі басқармаларының төрайымы Әсия Сырғабекованың хабарлауынша, халықаралық банктер синдикаты несие мерзімін 12 айға ұзартып отыр. Ал несиелік маржа мөлшері ЛИБОР ставкасына үстеме жылдық 2,25 проценттен 1,60 процентке дейін кемітілді.
Ә.Сырғабекованың хабарлауынша, бұл келісімнің артықшылығы ретінде банктің несиелік базасының ұлғайтылуын, несие мөлшерінің артып, керісінше бағасының арзандауын атауға болады.
Келісімді Дойче Банк пен Райфайзен Централбанк Остеррайх жүзеге асырып отыр. Ал синдикаттың агенті ролін Райфайзен Централбанк Остеррайх атқарады. Несие беруші банктердің жалпы саны 37-ге жетті.
Синдикаттық несие ҚР Халық банкінің ірі корпоративтік клиенттерінің Қазақстанға азық-түлік және жеңіл өнеркәсіп, жол-құрылыс техникасы, химиялық және мұнайгаз саласы жабдықтарын әкелуге бағытталған сауда-саттық шаралары мен экспорттау қарсаңындағы қаржыландыру шараларына арналады.