Көп кешікпей Павлодар облысында Ресей мен Қазақстанның біріккен тексеру-өткізу бекеті жұмыс істей бастайды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Көп кешікпей Павлодар облысында Ресей мен Қазақстанның біріккен тексеру-өткізу бекеті жұмыс істей бастайды

Көп кешікпей Павлодар облысында Ресей мен Қазақстанның біріккен тексеру-өткізу бекеті жұмыс істей бастайды

Ресей мен Қазақстанның кеден мекемелері арасындағы ықпалдастық шаралары аясында және болашақта Біртұтас Экономикалық Кеңістік құру жоспарына сәйкес, көп кешікпей Павлодар облысында екі ел шекарасынан өтетін жүктерді кедендік тексеруден бірлесіп өткізуге бағытталған тәжірибе басталады. Бұл туралы Павлодар облыстық кедендік бақылау департаментінің бастығы Сейітқали Мүлкин Павлодарға екінші халықаралық журналистік десанттың түсуіне байланысты өткізілген баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 6 Шiлде 2004
  • 464
Фото - Caravan.kz

Бұл тәжірибе ҚР кедендік бақылау агенттігінің бастамасымен еліміз бойынша шекаралық ірі транзиттік тексеру бекеті — Шарбақты кеден бекетінде жүзеге асырылуда.

Департамент төрағасының айтуынша, кедендік тексеру-өткізу бекетін жаңа техникамен жарақтау осындай ауқымды эксперимент өткізуге мүмкіндік беріп отыр. Тексеру-өткізу бекеті «бір терезе» принципі бойынша жұмыс істейді деп күтілуде. «Соның нәтижесінде жүктерді кедендік тексеру мерзімі екі есе қысқарады»,- дейді С.Мүлкин.
Жарты жылға созылатын эксперименттің бірінші кезеңінде жүктерді бірлескен кедендік тексеруден өткізу межеленген. Бұдан әрі, тәжірибе нәтижелі болған жағдайда құжаттарды бірлесе рәсімдеу шарасы қолға алынады.

Перейти к новостям спорта