Шымкентте әскери техника мен қару-жарақ мұражайы ашылмақшы - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Шымкентте әскери техника мен қару-жарақ мұражайы ашылмақшы

Шымкентте әскери техника мен қару-жарақ мұражайы ашылмақшы

Шымкент қалалық әкімшілігі жауынгерлік техника мен қару-жарақтың әскери-тарихи мұражайын құруға бір гектар жер бөлді. Бұл туралы Шымкентте өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ауған және жергілікті соғыс ардагерлері Одағының төрағасы Шәріпбай Өтегенов хабарлады.

  • 7 Шiлде 2004
  • 691
Фото - Caravan.kz

Осындай мұражайлар құру дәстүріне сәйкес, қару-жарақтар ашық аспан астында орналасатын болады, деді Ш.Өтегенов. ҚР Қарулы күштерінің бас қару-жарақ басқармасы мұражай үшін 57 және 76 мм-лік екі зеңбірек, 152 миллиметрлік гаубица мен зеңбірек-гаубица, бір танк, екі бронетранспортер мен басқа да техника бөлуге әзірлік танытқан.

Ш.Өтегеновтың айтуынша, әзірге әскери техниканы жеткізуде қиындықтар туындап отыр. Алайда, ол қазан айында атап өтілетін қала күніне дейін мұражай ашылады дегенге сенім білдірді.

Перейти к новостям спорта