ЕурАзЭҚ елдері әділет министрлері кеңесінің кезекті отырысы Мәскеуде өтеді - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕурАзЭҚ елдері әділет министрлері кеңесінің кезекті отырысы Мәскеуде өтеді

ЕурАзЭҚ елдері әділет министрлері кеңесінің кезекті отырысы Мәскеуде өтеді

9-шілде , жұмада Мәскеуде ЕурАзЭҚ Интеграциялық комитетінің жанындағы әділет министрлері кеңесінің кезекті отырысы өтеді. Бұл туралы KZ-today тілшісіне ЕурАзЭҚ баспасөз қызметінен хабарлады.

  • 7 Шiлде 2004
  • 430
Фото - Caravan.kz

Отырыста құқық саласындағы интеграциялық ықпалдастыққа қатысты кең көлемді мәселелер топтамасы қаралады деп күтілуде. Қоғамдастық елдері заңгерлік мекемелерінің басшылары өзара жұмыс тәжірибесімен алмасып, ЕурАзЭҚ-тың құқықтық жүйесін одан әрі дамыту шараларын пысықтайды.

Атап айтқанда, ЕурАзЭҚ елдері әділет министрліктерінің өзара құқықтық ақпараттар алмасу саласындағы ынтымақтастығы туралы, ЕурАзЭҚ органдарының шешімдерін Қоғамдастық республикаларының ұлттық заңнамалары негізінде жүзеге асыру, ЕурАзЭҚ-қа мүше елдердің Қоғамдастық аясындағы тиісті органдарға беретін өклеттіліктер тізімі туралы үш келісімнің жобасын сарапқа салу межеленген.
Сондай-ақ, ЕурАзЭҚ елдері әділет министрлері кеңесінің жанындағы халықаралық ғылыми-сарапшылық орталықтың іс-қызметі туралы мәселе талқыланады.
Отырысқа ЕурАзЭҚ бас хатшысы Григорий Рапота қатысады.
ЕурАзЭҚ 2000-жылдың қазан айында құрылған. Қоғамдастыққа Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан енеді. Армения, Молдова және Украина Қоғамдастық жанындағы бақылаушы мәртебесіне ие.

Перейти к новостям спорта