Еліміздің аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері жұмысқа тұрақтамау ағымы белең алды - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-3 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Еліміздің аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері жұмысқа тұрақтамау ағымы белең алды

Еліміздің аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері жұмысқа тұрақтамау ағымы белең алды

Еліміздің аумақтық сайлау комиссияларының мүшелері жұмысқа тұрақтамау ағымы белең алды. Бұл туралы бүгін, 7-шілдеде республикалық семинар-кеңесте сөз сөйлеген ҚР Орталық сайлау комиссиясының төрайымы Зағипа Балиева хабарлады. Семинар -кеңес сайлаушылардың электрондық тізімін жасау, тіркеу және есепке алу жұмыстары бойынша республикалық мекемелер, министрліктер мен агенттіктер іс-қызметін өзара үйлестіру мәселесіне арналған.

  • 7 Шiлде 2004
  • 377
Фото - Caravan.kz

З.Балиеваның хабарлауынша, қазіргі жағдаймен аумақтық сайлау комиссиялары түгелдей дерлік жасақталды. Дегенмен, «комиссия мүшелерінің басым көпшілігі келмей жатып жұмыстан шығу туралы өтініштер жаза бастады»,- деді ол. Сайлау комиссиялары мүшелерінің жұмыста тұрақтамау себебін З.Балиева жұмыс жүктемесінің ауырлығымен түсіндіреді. «Олар жұмыстың үш айға созылатынын, жұмыстың ауырлығын біліп кетіп жатыр»,- дейді З.Балиева.

З.Балиева «жоғары сатылы сайлау комиссияларының мүшелері бос орындарға тағайындалатын үміткерлердің кандидатурасын тез арада мәслихаттарға ұсынуы қажет» деп атап көрсетті.

Перейти к новостям спорта