Алматыда бір мас жолаушы автобустың жолсерігін жарақаттады - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Алматыда бір мас жолаушы автобустың жолсерігін жарақаттады

Алматыда бір мас жолаушы автобустың жолсерігін жарақаттады

Алматыда 21 жастағы бір мас жолаушы автобустың жолсерігімен ерегесіп , оны пышақпен жарақаттады. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Алматы қалалық ІІББ-ның баспасөз орталығынан хабарлады.

  • 7 Шiлде 2004
  • 386
Фото - Caravan.kz

Баспасөз орталығының ақпаратына сәйкес, мас күйіндегі жас жігіттің қоғамдық көлікпен қатынау жол ақысы- 25 теңгені төлеуден бас тартуы салдарынан дау шыққан. Жол ақысын төлеу жөніндегі талапқа пышақпен жауап берген мас жүргінші автобустың жолсерігін ішінен жарақаттаған көрінеді. Қан-жоса болған серігін көрген автобустың жүргізушісі жолаушыны ұстап алған.

Оқиға орнына келген жедел жәрдем тобы жараланған жолсерікті қалалық 12-ші ауруханаға жатқызды. Тұтқын полицияға тапсырылды.

Перейти к новостям спорта