Атап айтсақ, былтыр Ұлытау ауданында Арканав орман массиві аумағында өрт шыққан. Тілсіз жау 339 мың гектар орманды алқап пен оған жанаса жатқан 11 мың гектар далалық жерлерді жалмап кеткен. Өрттен қайың және көктерек сынды ағаштардың 50 проценті зардап шеккен көрінеді.
Аталмыш дерек бойынша қазір құрамына прокуратура өкілдері, өртке қарсы күрес қызметі, орман және аң шаруашылығы басқармасының өкілдері енген арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Табиғатқа залал келтіру дерегіне байланысты қылмыстық іс қозғау мәселесі қаралуда.