Соңғы 15 жылда еліміздегі діни бірлестіктер саны 10 есе өскен - ҚР үкіметінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес - kaz.caravan.kz
  • $ 517.66
  • 606.49
-4 °C
Алматы
2025 Жыл
20 Желтоқсан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Соңғы 15 жылда еліміздегі діни бірлестіктер саны 10 есе өскен - ҚР үкіметінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес

Соңғы 15 жылда еліміздегі діни бірлестіктер саны 10 есе өскен - ҚР үкіметінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес

Соңғы 15 жылда Қазақстанның оңтүстігіндегі діни бірлестіктер саны 15-17 есе, ал солтүстік және орталық облыстарда 12 есе өскен. Бұл туралы бүгін, 8-шілдеде Астанада "Отан республикалық саяси партиясы конфессияаралық келісімді қолдайды" деп аталған шара барысында ҚР үкіметінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңес төрағасы Аманбек Мұхашев хабарлады.

  • 8 Шiлде 2004
  • 580
Фото - Caravan.kz

А.Мұхашевтың ақпартына жүгінсек, бүгінде Қазақстанда 40 конфессияға қарасты 3000-нан астам діни бірлестік тіркелген. «Бір ғана Елордасының өзінде 45 діни бірлестік жұмыс істейді»,- деді ол.

Кеңес төрағасы сондай-ақ, республикамызда діни бірлестіктерге қарасты миссионерлерінің саны да арта түскеніне назар аударды. «Осыдан 5 жыл бұрын елімізде небәрі 3-5 миссионер жұмыс жүргізсе, бүгінде әлемнің 22 елінен 336 миссионер жүр»,- деді А.Мұхашев. Оның айтуынша, миссионерлердің басым көпшілігі христиан дінінің басты бағыттарының бірі болып табылатын протестантизм өкілдері.

Перейти к новостям спорта