«Сүйінші»: Хиджабқа оранған Сара Тоқтамысова айтыстан алған тағы бір су жаңа көлігімен мақтанды - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Сүйінші»: Хиджабқа оранған Сара Тоқтамысова айтыстан алған тағы бір су жаңа көлігімен мақтанды

«Сүйінші»: Хиджабқа оранған Сара Тоқтамысова айтыстан алған тағы бір су жаңа көлігімен мақтанды

Танымал айтыскер ақын Абай облысы Таскенкен ауылында болған айтысқа қатысып, жүлделі орын алды.

  • 22 Тамыз 2023
  • 141
Фото - Caravan.kz

Ақын тағы бір темір тұлпар мініп, көптен сүйінші сұрады, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл жаңалығымен ақын өзінің желідегі парақшасында бөлісті.

«Араға 3 жыл салып айтысқа шықтым. Бүгінгі айтыстың бас бәйгесі бұйырды. Аллаға мадақ.
Шығыстың Таскескен дейтін аядай ғана жерінде атағы жер жаратын дүбірлі думан боп жатыр…
От ауыз , Орақ тілді ақындардың бас қосқан күні болды. Қарсыласым Мұхтар Ниязбен пен шықтым. Әзілі де, әңгімесі де , өнері де, өлеңі де бөлек ақын ғой. Мәртебемді аспандатып тастады. Рахмет досым!


Талғат мырзаның мәрттігіне риза болып тарастық .Айтыстың арланы ,Сатираның саңлағы Балғынбек ағамызға бір көлік мінгізді .

Жүлдесінен бөлек ақындарға қосымша 1 миллионнан ұстатты. Ақынын құрметтеген Азамат сіздей ақ болсын!», — деп жазды ол.