Баламен алыстан сыйласу керек деген Құралай ханымның басы дауға қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+3 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Баламен алыстан сыйласу керек деген Құралай ханымның басы дауға қалды

Баламен алыстан сыйласу керек деген Құралай ханымның басы дауға қалды

Атышулы психолог, коуч Құралай Ошақбаева балаларының өз бетінше, еркіндікте өскенін қалайды. Ол өзін балаларын өбектеп отыратын аналардың қатарына жатқызбайды.

  • 22 Тамыз 2023
  • 17
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Stan.kz -ке  сілтеме жасап хабарлайды. 

Құралай ханымның үлкен қызы 17 жасында Европаға кетсе, екінші қызы Оңтүстік Кореяға жол тартпақ. Ол бөтен елге қызымен бірге еріп барып, жетектеп жүруден бас тартқан. Қызы Талшынның да қалауы сол.

“Мен дым ойланбайтын, ақымақ немесе жайлы анамын. Балаларым етегіме жабыспай, есейіп, өз жолдарын тауып, сепарация жасап, бақытты болып кетсе екен деп, дым жағдай жасамай, кет, оқы, ұш, қозғал, бірдеңе істе деп мазалап жіберемін. “Мынау жараса ма? Мынау бола ма?” деп алыстан мазалағандары ұнайды. Негізі мен жанында жармасып, терлеп, тықылдап, миымдағы 5 теңгемді қанша қыстырсам да, тыңдағалы тұрған қыз жоқ. 45 жасқа келіп түсінгенім, баламен де, басқамен де алыстан сыйласқан жөн. Жабысып, мыжып, мылып жүргенше, жаным-күнім деп сағынып, жете алмай, махаббатқа толып жүргеде, идея, жаңалық, бауырмал, туысқандық сезімдер толады”, – дейді Құралай ханым.

Алайда коучтың бұл сөзімен көпшілік келіспейді. Желі қолданушылары баламен алыстан сыйласар болса тасбауыр боп, аралары суып кетеді деп ойлайды.

“Бауырлармен, ата-анасымен араласпай кетсін бе? Қателестіңіз”, “Сонда балаларыңызға ақыл айтпайсыз ба?”, “Орысты оқып, елді адастырып, мысығыңды құшақтап отыр онда”, “Қартайғанда аузыңа су тамызар адам болмай қалады. Тасбауыр бала, қытымыр келін, рахатын көрмесең, бірге шәй ішпесең, не өмір ол?”, – деп жазды ашуға мінген желі қолданушылары.

“Бірге тумақ болғанмен, бірге жүрмек жоқ. 18 жасқа дейінжабыстым, тар үйде де, кең үйде де 8 адам болып тұрдық. Талай табыстық, тартыстық. Жетер. Тыныштық керек. Шаш түскен, қас-кірпік жасанды, тіс түгел емес. Оларға ақыл айтып, жармасамын деп қалған мүшелерімнен айырылып қалармын. Балаларыма ақыл айтайын десем, жетіскен ақылым да жоқ. 1978 жылғы ескі диск. Онымды 2005 жылғы террабайттар қабылдамайды. Бар ақылыңды тыңдай қояр бала бар ма? Өзімді тәрбиелеп, ес-ақылым дұрыс адам болсам, бала естігенін емес, көргенін жасайды. Келін баламен алысқанша, байыма ие болайын. Байымды баптап, күтіп, массажын жасап, сықитып отырмаймын ба? Айқай-шудың қажеті қанша, судың не қатысы бар? Бірге жабысып, бір-бірін тәрбиелеп, орта жолда жарты жұртын жұтып, тірі қалғанын қар,ап-сілеп, жек көріп отыратын стуыстық сезімдерге берекет. Жүз жыл бірге тұрып, өтірік пен өсекке шыланып, боқ көтерген қабымды айналама шашып, бір-бірімзді жек көріп қажеті не? Қартайғанымда тезірек өлгенімді тілеп, “мына қақбас құрымады” деп берген суын ішкенше, атауымды ішіп өле қалғаным дұрыс шығар”, – деп жауап берді Құралай ханым көпшілікке.