«Шомылуға бармаған»: Түркістан облысында өзенге батып кеткен тұтастай бір әулеттің 11 адамының өліміне қатысты тың дерек шықты - kaz.caravan.kz
  • $ 485.04
  • 525.98
-1 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Шомылуға бармаған»: Түркістан облысында өзенге батып кеткен тұтастай бір әулеттің 11 адамының өліміне қатысты тың дерек шықты

«Шомылуға бармаған»: Түркістан облысында өзенге батып кеткен тұтастай бір әулеттің 11 адамының өліміне қатысты тың дерек шықты

Түркістан облысында Сырдария өзеніне шомылуға барған тұтастай бір әулеттің 11-і қаза тапты.

  • 23 Тамыз 2023
  • 4325
Фото - Caravan.kz

Аталған қайғылы жағдайға байланысты журналист Гүлмира Әбіқай тың дерекпен бөлісті, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Журналистің пікірінше, суға батқан адамдар өзенге шомылуға бармаған әрі олар киімдерін шешіп те үлгермеген. Сонымен бірге қаза болған марқұмдардың Айтбай әулетінің мүшелері екені белгілі болды.

«Ажал айтып келмейді адамдарға, Қарсы келер сенің-дағы шамаң барма? Құтылмассың одан сен ешқашан да. Мейлі дағы қамалсаң да қамалдарға…11 адамынан 1 күнде ажырап қалған Айтбай әулетіне қайғыра көңіл айтамыз», — деп жазды ол.

Қазіргі таңда облыстық ТЖД мәліметінше, суға кеткен 9-ының мәйіті табылған, қалған екеуін іздестіру жұмыстары әлі жалғасып жатыр.