«Ата-анамыз өскен кезде төсекте сүйт, бүйт деп айтпайды»: Психолог мектепке төсек қатынасы туралы сабақты енгізу керектігін айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
-4 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«Ата-анамыз өскен кезде төсекте сүйт, бүйт деп айтпайды»: Психолог мектепке төсек қатынасы туралы сабақты енгізу керектігін айтты

«Ата-анамыз өскен кезде төсекте сүйт, бүйт деп айтпайды»: Психолог мектепке төсек қатынасы туралы сабақты енгізу керектігін айтты

Танымал психолог, сексолог Айдана Сәкенқызы ажырасудың басты себептері ерлі-зайыптылардың төсек қатынасы екенін жеткізді.

  • 24 Тамыз 2023
  • 464
Фото - Caravan.kz


Сонымен бірге ол балаларға мектеп жасынан бастап жыныстық қатынас туралы сабақ енгізу қажеттігін айтты, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

Бұл туралы ойын маман PodcastTime бағдарламасында айтты. Оның сөзінше ата-аналар балаларымен ашық тақырыпта жиі сөз қозғап әңгімелесу керек.

"Бізге осы кезге дейін қамыр жаю, өзіңді қалай ұстау, келіндік қызмет секілді нәрселерді үйретті. Сен инабатты, ибалы келінсің тағы басқа сөздерді санамызға құйды. Бізді ата-анамыз өсірген кезде айтпады ғой төсекте сүйт, бүйт деп. Тіпті ол тақырыппен ашық сөйлеспейміз. Қазақтың келіндері жалпы қыздары инабатты, ибалы болып келеді де сосын біз білмейміз тұрмыс құрғаннан кейін түнде не істеу керектігін білмейміз. Күндізгі шаруаның барлығын біз күшті жасаймыз. Сәлемді керемет саламыз, қонақты күтіп аламыз. Бірақ түнге келген кезде сол халатпен орамалмен инабатты келін рөлінен шыға алмай қаламыз. Сондықтан бізде көзге шөп салу көп. Әйел ешкіммен сөйлесе алмайды, ол жылайды", — дейді психолог.

Сұхбат барысында психолог мектеп бағдарламасына төсек туралы арнайы сабақтар қосылу керек. Көп жағдайда ажырасуға алып келетін фактор екі тараптың төсекте бір-біріне белсенді болмауы деп түсіндірді.

"Ер мен әйелдің арасында төсек тақырыбы болмағаннан кейін, ашылмағаннан кейін еркек те, әйел де айтпайды. Қандай болу керектігін әйел білмейді. Себебі бізде осы уақытқа дейін интернетте көрсеткен жоқ, — дейді сексолог Айдана Сәкенқызы.